Осылайша, антиресейлік санкциялар мен шабуылдардың басты мақсаты Ресей емес екеніне барған сайын көзіміз жетіп келеді, деп жазады РИА Новости.
Еуропарламенттің Ресей мен оның саясатына қатысты соңғы үндеулері тым қатал, тіпті Ресей конституциясын өзгертуге қатысты талап та бар. Алайда, Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропарламент мінберіндегі ресми баяндамасында Ресейді тек бір жерде ғана ауызға алады. Ол "Ресеймен тығыз қарым-қатынасты жақтаушыларға қауіп төнеді" дегенге саяды. Яғни, бұл Мәскеуге емес, Еуроодақ құрамындағы мемлекеттерге, әсіресе саяси топтарға қаратыла айтылған ескерту іспетті көрінді.
Ал ішкі оппозицияға деген қарсылықтың күрт өсуінен шындыққа тура қараудан, оны естуден туындаған қорқынышты аңғару қиын емес. Бұған Германияның өзінде еуропалық саясаткерлер көп айыптайтын оппозиционерлер мен "өзгеше ойлайтын топтардың" барған сайын айрықша құрметке бөленіп келе жатқанын мысалға келтіруге болады.
Жақында бұл проблемаға немістің Süddeutsche Zeitung газеті назар аударды. Онда "Германияда Ресейдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы зор, бұл жерде Навальныйдың улануы көп қарама-қайшылық туғызды. Мемлекеттік телеарнаның неміс тіліндегі бөлімшесі саналатын RT Deutsch-тің мақалалары айрықша танымалдылыққа ие: Еуропаның сыртқы байланыс қызметінің деректері бойынша олар Германияның әлеуметтік желілерінде екінші орында тұр" деп жазылған.
Süddeutsche Zeitung авторлары мұндай жағдайдың неліктен болып жатқанын, сондай-ақ соңғы жылдары неміс газеттерінің танымалдығы неге күрт төмендеп кеткенін түсіндіре алмайды. Олардың пікірінше, ресейлік БАҚ-тың Еуропадағы басты мақсаты - еуропалық қоғамның ішінде "күмән туғызу" екен. Сонда батыс журналистері қай кезден бастап мәселеге күмәнмен қарауды жаман ұғыммен теңестіретін болған? Демократияшыл Еуропа әрқашан тоталитаризм мен ресми ортақ пікірді айыптап келді емес пе? Ендеше, отандастары Ресейге қатысты көп айтылатын "улану" мен "ішкі саясатқа араласу" деген мәселелерді тек жергілікті газеттер мен телеарналардың ақпараттары бойынша ғана зерделемей, оның шынайылығына басқа БАҚ-ты саралай келе, көз жеткізгісі келсе, оған батыс журналистері мен саясаткерлері неге таңғалады?
Оның ойынша, мәселен, журналистерді Донбасс бүлікшілерін "сепаратистер" емес, "Ресей армиясы" деп атауға көндірсеңіз күткен нәтижеге қол жеткізуге болады. Яғни, ең бастысы, оқырмандарға күмән мен күдік тудыратын "бұлыңғыр картина" ұсынбау. Ол үшін Чехия телеарнасының эфиріне күдік пен күмән тудырмайтын "дұрыс" сарапшыларды ғана шақыру керек, деп есептейді Шир. Бұған Навальныйға және оның улануына қатысты жәйтті мысалға келтіруге болады.
Шир және соған ұқсас сарапшылар кез келген ақыл-есі дұрыс адам Ресейдің "оккупанттары" немесе "улағыш Путин" туралы жазылған газеттерді оқи отырып, ерте ме, кеш пе мұндай "сенсациялық фактілердің" рас-өтірігін іздеуге тырысатынын түсінгісі келмейді. Егер, оқырмандар газеттерден ештеңе таппаса, сөзсіз, басқа балама дереккөздерге жүгінері анық. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропада көбірек танымал болуын міне, осымен түсіндіруге болады. Себебі, олар, ең болмағанда, белгілі бір мәселені әр қырынан қарастыруға және белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ресеймен күресуші және Еуропаны "өзгеше ойлайтындардан" тазартқысы келетін батыс сарапшылары міне, осыдан қорқады.
Бұған осы аптада Италияның бірнеше аймағында өткен жергілікті сайлауды мысалға келтіруге болады. Тоскана аймағында оппозициялық "Лиганың" алдағы жеңісінен қорыққан ақпарат құралдары қайтадан антиресейлік үндеуді алға шығарып, "Ресейдің қаржыландыруы" туралы әңгімені еске түсірді. Негізгі "дәлел": бір кездері "Лигамен" байланыста болған электр компаниясы иесінің орыс әйелі бар және ол ақшасын Ресейге аударып отырған-мыс... Мұндай "жанжалдың" өзі "Лигаға" тағылған айыптарды жоққа шығарады, себебі антиресейлік айыптауларға сүйенсек, "ақша Ресейден келіп жатқан жоқ, керісінше Ресейге жіберіліп жатыр". Бірақ, олар оппозицияның Кремльмен қандай да бір байланысы бар деген әңгімеге қалай да оқырманын сендіргісі келеді.
"Менің ойымша, бізге "уағыз айтқысы" келетін мұндай адамдар Еуроодақты жойғысы келеді және ол үшін ақша алады", - деді Бельгияның бұрынғы премьер-министрі.
Шын мәнінде, ішкі оппозицияға қарсы бағытталған айыптаулардың дені осыған ұқсас келеді. Алайда, ол шынымен ресейшіл ме және оның Мәскеумен байланысы бар ма, жоқ па, ол жағы ешкімге маңызды емес. Ең бастысы – қарсыластардың аузын жабу. Мұндай айыптаулар Еуропаның біраз елінде әлдеқашан сыналған.