Қоғам

Жалғыз жүрген қыздарды ғана тонаған: Алматыда әккі ұры ұсталды

Күдікті өзінен әлсіз көрінген қыздардың соңына түсіп, көзден тасалау жерде тарпа бас салып, тонап келген
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жалғыз жүрген қыздарды тонайтын 26 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, күдікті қараңғы түскенде өзіне қарағанда әлсіз қыздардың соңына түсіп, көзден тасалау жерде тарпа бас салып, тонап келген.

"Бұл қарақшының әдеттегі тәсілі. Қаскөй бейтаныс қыздарды аңди жүріп, тұрғын үйлердің кіреберісінде өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырып отырған. Яғни, зорлық-зомбылық әрекеттімен қорқыту арқылы кез келген құнды нәрсені – сырға, алқа, ұялы телефон, сағат, ақша беруді талап еткен", – дейді Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қазір күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіні ұстау кезінде оның қолында ас үй пышағы болған.

"Осыған ұқсас қылмыстарды бірнеше рет жасағанын және бұрын сотталғанын ескере отырып, басқа да әйелдердің осы адамның қолынан зардап шегуі мүмкін деп санаймыз", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

 

Жалғыз жүрген қыздарды ғана тонаған: Алматыда әккі ұры ұсталды

Айта кетейік, фотодағы күдіктінің заңсыз әрекетінің құрбаны болған азаматтар 254-40-42; 8-707-888-11-50; 8-771-456-27-93; 8-771-288-88-14; 8-708-740-50-60 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда ұры жүргізушілерге үндеу жасады – видео