НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмония салдарынан бес адас қайтыс болды.
"23 қыркүйекте Қазақстанда пневмониядан бір адам қайтыс болды, ал төртеуі коронавирустен қайтыс болды", – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство мәліметінше, өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жаңа жағдайы тіркелді. Қазіргі кезде 3 495 адам коронавирус инфекциясынан емделуді жалғастырып жатыр, оның ішінде 36 бала бар.