НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 76 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
"Індет жұқтырғандардың көпшілігі Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Ал Шымкент қаласы мен Жамбыл, Павлодар, Түркістан және Маңғыстау облыстарында ешбір жағдай анықталмады", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 20
- Алматы қаласы - 3
- Ақмола облысы - 2
- Ақтөбе облысы - 1
- Алматы облысы - 3
- Атырау облысы - 5
- Шығыс Қазақстан облысы - 28
- Батыс Қазақстан облысы - 2
- Қарағанды облысы - 4
- Қостанай облысы - 2
- Қызылорда облысы - 1
- Солтүстік Қазақстан облысы - 5
Жалпы республика бойынша 107 450 қазақстандықта COVID-19 диагнозы расталды. 102 219 адам сауығып кетті, 1 699 адам қайтыс болды.