Қоғам

Қандай өнім қатерлі ісік пен жүрек ауруларының қаупін төмендетеді?

Күріштегі селен мен магний холестериннің жиналуынан қорғайды, ал антиоксиданттар қабынуға қарсы әсер етеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қоңыр күріш қатерлі ісіктің кейбір түрлері мен жүрек ауруларының қаупін азайтатын тағам ретінде аталды, деп хабарлады РИА Новости.

Шетелдік зерттеулерге сәйкес, жарманың бұл түріндегі селен мен магний күретамырларда холестериннің жиналуына жол бермейді.

Қандай өнім қатерлі ісік пен жүрек ауруларының қаупін төмендетеді?

Сонымен қатар, күріш құрамындағы антиоксиданттар қабынуға қарсы әсер етеді және сүт безі, тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупін төмендетеді.

Оқи отырыңыз: Бас онколог қай облыстардың тұрғындары қатерлі ісікке көбірек шалдығатынын айтты

Күріш ақуыздарға, минералдарға және жасұнықтарға (клетчатка) да бай, бұл ішектің жұмысын тұрақтандыруға, қандағы қантты қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі.

Сарапшылар жарманы гарнир ретінде пайдалануға немесе сорпа мен салаттарға қосуға кеңес береді.