НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен пневмония салдарынан 5 науқас қайтыс болғанын хабарлады.
"Өткен тәулікте Қазақстанда төрт науқас коронавирустан, ал бір адам пневмониядан қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Өткен тәулікте пневмониямен ауырған 20 науқас тіркеліп, 30 адам сауығып шықты.
Ал 1 тамыздан бері республика бойынша 31168 адам аталған індетке шалдығып, 26 739 адам сауығып шықты. 345 қайтыс болды.
Коронавирус ахуалы
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 611 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 36 бала бар. Сондай-ақ, 100 науқастың жағдайы ауыр және оның 14-і өте ауыр. 19 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстанда 107 374 науқаста диагноз расталып, 102 064 адам сауығып кетті. 1 671 қайтыс болды.