Қоғам

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Мақсат Қиқымовтың қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам еңбек өтілі бар
Sputnik

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Жетісу ауданының бұрынғы әкімі Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақсат Кикимов кәсіпкерлік пен инвестиция, сауда, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, әлеуметтік әл-ауқат, еңбек және жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Бұл лауазымды бұған дейін Сапарбек Тұяқбаев атқарды.

Айта кетейік, шілденің ортасында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қала дәріханаларында дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін, көпшіліктің осы тақырыптан "хайп" жасап отырғанын мәлімдеді. Содан кейін қоғам белсендісі Светлана Дружинина Тұяқбаевты жалған ақпарат таратты деп айтыптады.

Мақсат Қиқымовтың өмірбаяны

Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы экономика және статистика академиясының, "Тұран" университетінің түлегі.

Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 2005 жылы "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалының бухгалтерлік есеп және есеп бөлімінің маманы ретінде бастаған.

  • 2006-2012 жылдары "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалында бас маман, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер, "Астана - финанс" банкі АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері, "Трансервис-Миллениум" ЖШС қаржы директоры, әдіснама басқармасының бастығы, "Кредит Алтын Банк" АҚ бас бухгалтер-басқарма мүшесі, "Bank RBK" АҚ банктік технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.
  • 2012-2015 жылдары Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
  • 2017-2019 жылдары Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болды.
  • 2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.

"Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі – 2018" республикалық байқауының жеңімпазы.