НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz басылымы.
"Тамара Анатольевна Рахымжанова 1978 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, ол өзінің еңбек жолын 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларда тазалаушы болып бастаған", – делінген ақпаратта.
Шығыс Қазақстанда бұрынғы еден жуушы әкім болды
© Photo
2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын "персоналды басқару" мамандығы бойынша білім алған.
2014-2016 жылдары "Өскемен тазалық" ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары – "Өскемен тәртіп" КМК директоры болып жұмыс істеді.
2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.
Оқи отырыңыз: Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тамара Рахымжанова жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.