Оқиға

Нұр-Сұлтанда көпір құлады – фото

Көпірде жөндеу жұмысын жүргізу кезінде апат болды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Елордада Алаш шоссесіндегі көпірдің бөлшегі теміржол рельстеріне құлады.

Астаналық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жолды тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. Мамандар көпірді демонтаждап жатыр.

Нұр-Сұлтанда көпір құлады – фото

Пойыздар тоқтаған жоқ. Көпірдің тек сол жағында ғана көлік жүрмейді.

"Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Наурыз айында өтпежол тексерілген, нысан апаттық жағдайда деп танылды. Бұл көпірде қозғалыс шектелген еді. Көпірдің тек бір бөлігі ғана көлік үшін ашық болатын", - деді астаналық департаментте. 

Айта кетсек, жылдың басында астана әкімі Алтай Көлгінов мамандар бұл көпірді кешенді тексеруге кіріскенін айтты.