Қоғам

Тоқаевтың әкесіне мемориал тақта орнатылды

Көшербаев соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бас дәрігері Евгений Захаровқа диагностикалық зертхананың жабдықтарына сертификат табыстады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Омбыда Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың құрметіне мемориал тақта салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің ресми сайты хабарлады.

Тоқаевтың әкесіне мемориал тақта орнатылды

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев пен губернатор Александр Бурков, Омбы мэрі Оксана Фадина және қоғам белсенділері қатысты.

Омбы облысының губернаторы Александр Бурков, сондай-ақ Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев мемориал тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Көшербаев соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бас дәрігері Евгений Захаровқа диагностикалық зертхананың жабдықтарына сертификат табыстады. 

Айта кетейік, Омбы қалалық кеңесі осы жылдың наурыз айында ақын, жазушы және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кемел Тоқаевтың құрметіне ескерткіш тақта жасау туралы шешім қабылдады.

Оған Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығы мен Қарулы күштер ардагерлерінің Омбы қалалық қоғамдық ұйымы бастамашы болды. Бұл идея қала әкімшілігі жанындағы топонимикалық комиссияда мақұлданды.

Кемел Тоқаев туралы не белгілі

Кемел Тоқаев (1923-1986) – Қазақстан президентінің әкесі Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен екі марапатталған.

Ол 1945 жылы қаңтарда жарақат алып, аяғынан айырылып қалуы мүмкін еді. Бірақ, №1494 эвакуациялық госпиталь дәрігерлері (қазіргі Омбыдағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь) оны ампутациядан құтқарған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін

Соғыстан кейінгі бейбіт уақытта Кемел Тоқаев әйгілі жазушы болды. Ол қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаушы болып саналады.