ПАВЛОДАР, 17 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы тасжолда мотоцикл жеңіл автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"35 жастағы мотоцикл жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 69 жастағы зейнеткер жүргізіп келе жатқан Toyota Corona көлігімен соқтығысқан", - дейді полиция қызметкерлері.
Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен оның 55 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Тағы бір мотоцикл жолаушысы, 46 жастағы ауыл тұрғыны ауруханаға түсті.
Автокөлік пен мотоцикл айып тұрағына жеткізілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр.
Блок бекетте 2 адамды өлтірді деген күдікке ілінген экс-полицей: Есімде ештеңе жоқ
Полицияның мәліметінше, осы жылдың сегіз айында Павлодар облысында 369 жол апаты болып, салдарынан 32 адам көз жұмған, тағы 515 адам жарақат алған.