Қоғам

Ақшаны қолма-қол шешіп отырған: Нұр-Сұлтанда банк қызметкерінің әрекеті әшкере болды

Менеджер әйел түрлі банктік операциялар арқылы банктің жеті клиентіне тиесілі 297 мың теңгені жымқырған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Елордалық банктердің бірінде қызмет істейтін менеджер клиенттердің есепшотынан ақша ұрлағаны әшкере болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан полициясының баспасөз қызметі.

Қызметкер әйел түрлі банктік операциялар арқылы бірнеше ай бойы клиенттерге тиесілі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырып отырған.

Бірнеше жыл жұмыс істеген менеджердің әрекетінен жеті клиент зардап шеккен. Яғни, олардың 297 мың теңгені құрайтын қаражаты ұрланғаны анықталды.

Қазіргі уақытта банк қызметкері жұмыстан шығарылды.

Оқи отырыңыз: Жетім балалар қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген қызметкер ұсталды

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("ұрлық") бойынша іс қозғалды. Ал заңда мұндай қылмыс үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, яки үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген. Қылмыс сипатына қарай мүлкі тәркіленіп немесе үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.