НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 78 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бес өңірде инфекция жұқтырған бірде-бір адам анықталмады: олар – Алматы, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 25,
- Алматы қаласы – 7,
- Ақмола облысы – 2,
- Ақтөбе облысы – 2,
- Атырау облысы – 3,
- Шығыс Қазақстан облысы – 20,
- Жамбыл облысы – 2,
- Батыс Қазақстан облысы – 3,
- Қарағанды облысы – 5,
- Қостанай облысы – 3,
- Павлодар облысы – 2,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 4.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 134.