НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекеттері қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі сейсенбіде бейнеконференция форматында өтеді, деп хабарлайды Ресей қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі.
Ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ең алдымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен, заңсыз қару және есірткі айналымымен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас тетіктерін жетілдіру қаралады.
Кездесу РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен өтеді.
Еске сала кетейік, ШЫҰ-ға Индия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері кіреді.
Бұған дейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының саммиті де осы жылдың қарашасында қашықтан өтетіні хабарланған болатын.