НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.
Досаев Елбасыға қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
"Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық", – деді Досаев.
Сондай-ақ, кездесуде Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды.