Фото

12 миллион жылдық жартастар: Шарын шатқалының ғажайып көріністері – фото

Sputnik

Шарын ұлттық саябағының аумағы 127 мың гектарды құрайды. Sputnik Қазақстан сайтынан табиғи ескерткіштердің ғажайып көрінісін тамашалаңыз.

Бұл шатқал 2004 жылы 23 ақпанда құрылған Шарын ұлттық паркінің бөлігі болып табылады.

Шарын шатқалы 154 шақырымға созылып жатыр, тік қабырғалардың биіктігі 100-ден 300 метрге дейін. Ол Алматыдан шығысқа қарай 195 шақырым жерде, Қытаймен шекаралас аймақта орналасқан.

Ол АҚШ-тың Үлкен шатқалына ұқсас, бірақ салыстырмалы түрде одан кіші болып келеді және Еуразия континентіндегі жалғыз шатқал.

Қазір бұл жерде төрт туристік маршрут бар. Негізгі көрікті жерлер: шатқалдың өзі, "Қамалдар аңғары", Шағанды тоғай және Темірлік шағын шатқалы.

Шарын шатқалындағы экотуризм

Алдағы уақытта Шарын шатқалындағы инфрақұрылым мен экологиялық туризмді дамыту жоспарланған. Яғни, 2025 жылға дейін төрт жаяу жүру жолдарын жабдықтауды, екі келушілер орталығын, этноауылдар мен үш көру алаңын, кемпингтер, кафелер мен кәдесый дүкендерін салу жоспарға енгізілген.

Сондай-ақ, ашық аспан астындағы 50 орындық мейрамхана, 50 орындық эко-қонақ үй, ұлттық тағамдар ұсынатын 50 орындық кафе, 100 көлікке арналған автотұрақ пен балалар алаңын салу көзделген.

Шарын шатқалына түсер тұста велосипедтерді жалға беру пункттері мен дәретханалар, фельдшерлік-акушерлік пункт және жартасты жолдар бар.

Сонымен қатар, жабайы жануарларды табиғи тіршілік ету ортасында бақылау үшін бақылау мұнаралары салынады.

Оған қоса, шатқалға түсуге арналған баспалдақ пен Шарын өзеніндегі жаяу көпір салу жоспарланған. Жаяу серуендеу жолы Темірлік өзеніндегі шағын шатқалға апарады. Бұл жерде де көру алаңы мен тынығу орындары және аспалы көпір болады.

Оқи отырыңыз: Әлемге әйгілі әсем мешіттер – фото

Мұның барлығының құны шамамен 1,2 миллиард теңгеге жуықтайды. Ұлттық паркті жеке инвестициялар есебінен жаңартуға болады деп болжанып отыр.

Ал жаңартылғаннан кейін шатқалға кіру құны 500 немесе 600 теңгені құрайды.

1 / 20
Шарын шатқалындағы бұл жерді "Қамалдар аңғары" деп атайды. Ертегідегі қамалдарға ұқсайтын таңғаларлық пішіндегі тау жыныстары мыңдаған жыл бойы желдің күшімен ойылып осындай көрініске ие болған.
2 / 20
Шарын шатқалындағы "қамалдар" мен тік "қабырғаларының" биіктігі 300 метрге дейін жетеді – бұл шынымен де орасан зор.
3 / 20
Континенттегі жалғыз Шарын шатқалында сексеуіл мен шағаннан (діңі қатты ағаш) басқа ештеңе өспейді.
4 / 20
Шарын шатқалындағы тау жыныстары ежелде қалыптасқан – кейбір болжамдар бойынша олардың жасы 12 миллион жыл.
5 / 20
Шөгінді жыныстар мыңжылдық процестердің бұзылуы әсерінен рельефтің бастапқы формасы оқшауланған жартастар мен бағандардың, мұнаралар сияқты пішіндерге ұқсастығымен туристердің көз қуанышына айналды.
6 / 20
Бұл шатқал америкалық Үлкен шатқалдан кіші. Шарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекарадан алыс емес жерде орналасқан.
7 / 20

Шарын шатқалындағы әйгілі тас "қақпалар" мыңдаған жылдар бойы ашық күйінде қалып, туристерді тәнті етеді.
8 / 20
Ұзақ жыл бойы Шарын шатқалындағы туризм "жабайы" болды. Еріктілер жыл сайын ұлттық саябақ аумағынан тонналаған қоқысты шығарды.
9 / 20
Ғажайып қорық қазір де адамдар жауапсыздығының зардабын тартуда.
10 / 20
"Марс" ғаламшарындағы қамалдарға ұқсаған таңғажайып жартастар. Әдемі көріністерді туристерден қалған қоқыстар бұзды.
11 / 20
Айрықша пішіндегі тастар "өбісу" деп аталады. Бұл Шарын шатқалының ерекшелігін арттыра түседі.
12 / 20
Күн батар алдында аспандағы бұлттар Шарын шатқалын жұмбақ әрі күңгірт түске бояйды.
13 / 20
Жергілікті биліктің шешімімен, жақын арада Шарын шатқалы көлік жүргізушілері үшін мүлдем жабық болады.
14 / 20
Олар жаяу серуендеу жолдарын кеңейтіп, демалыс орталықтарына күрделі инфрақұрылым салу арқылы әртараптандыруды жоспарлап отыр.
15 / 20
Жергілікті шенеуніктердің пікірінше, экотуризм басымдыққа ие аймаққа айналуы керек. Ұлттық саябақтың аумағында біртіндеп "жасыл" технологияларға негізделген арнайы демалыс аймақтары пайда болады.
16 / 20
Сондай-ақ, шатқалға түсетін баспалдақ пен Шарын өзенінің үстіне жаяу жүретіндерге арналған көпір салу жоспарда бар.
17 / 20
Қазір шатқалда төрт жаяу серуендеу жолы бар. 2025 жылға қарай екі келушілер орталығы мен этноауылдар, үш көру алаңы мен кемпингтер, кафелер мен кәдесыйлар дүкенін салу жоспарланып отыр.
18 / 20
Өзеннің жанында шатырлы қалашықтар мен оңай орнатылатын модульдік құрылымдардан жасалған глэмпингтер салынады.
19 / 20
Шарын шатқалындағы қоғамдық дәретхана. Бағасы – 100 теңге.
20 / 20
Еуразиядағы жалғыз шатқалды қамтитын ұлттық парк 2004 жылы құрылды.