Оқиға

Шымкент-Нұр-Сұлтан ұшағының жолаушылары жанжал шығарды - видео

12 қыркүйек күні кешке екі ер адам ұшақтағы орын үшін жанжал шығарды. Flу Аrуstan әуе компаниясының өкілдері полиция бөліміне хабарласты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Көліктегі полицейлер Шымкент әуежайында екі ер адамды рейстен алып қалды. 

12 қыркүйек күні кешке екі ер адам ұшақтағы орын үшін жанжал шығарды. Flу Аrуstan әуе компаниясының өкілдері полиция бөліміне хабарласты.

 

"Тексеріс кезінде полицейлер 34 және 40 жастағы адамдар қоғамдық орында бір-бірін балағаттап, орын үшін таласқанын анықтады", - деді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамдар рейстен алынды. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне ("ұсақ бұзақылық") және 566-бабы (ұшақтағы тәртіпті бұзу) сәйкес, екі әкімшілік хаттама толтырылды. 

Бірінші бап бойынша материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.