Өңірлер

Әкімдік Ақтөбе облысындағы отбасылық трагедия туралы айтты

Алдын ала болжам бойынша 1957 жастағы зейнеткер отбасылық жанжалдан кейін суицидке барды. Жергілікті әкімдікте отбасы полиция есебінде тұрмағанын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде анасы мен ұлы өзіне қол салды. Бұл туралы "Мой город" өңірлік басылымы хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша 1957 жастағы зейнеткер отбасылық жанжалдан кейін суицидке барды. Мұны естіген 28 жастағы ұлы да өмірмен қош айтысты.

"Диапазон" газеті трагедия 12 қыркүйек күні сағат 23.00-де болғанын жазды. Үйде қайтыс болған әйелдің күйеуі мен туыстары болған.

Жергілікті әкімдікте отбасы полиция есебінде тұрмағанын айтты. Қайтыс болған ер адам айырылысқан, жақында үйленбек болған. Ол мұнай компаниясында жұмыс істеген. Ал 64 жастағы әйелдің артында күйеуі мен қызы қалды. Қызы Ақтөбе қаласында тұрады.