Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы жеті адам қайтыс болды

Өткен тәулікте 346 адамда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония диагнозы расталды, бір адам қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте алты адам коронавирустан, бір науқас пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 346 пациентте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония диагнозы расталды.

1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққандар саны 29 581 адамға жетті. 321 науқас қайтыс болды. 6 823 адам сауығып шықты.

Қазір коронавирустан 4 521 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 35 бала бар. Стационарларда 2 352 науқас жатыр. 2 169 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейді

Науқастардың арасында 129 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 22 пациенттің хәлі мүшкіл. 27 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.