Қоғам

Өткен тәулікте екі адам пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде 307 адам пневмонияға шалдықты, олардан коронавирус инфекциясы анықталмаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте, 11 қыркүйекте коронавирус пневмониясына шалдыққан 307 жаңа науқас анықталды, екі адам қайтыс болды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Сондай-ақ, бір тәулікте пневмониямен ауырған 145 адам сауығып шықты, олардан коронавирус табылмады.

Қазақстанда барлығы 29 235 адам коронавирус пневмониясымен ауырып, олардың 320-сы қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт беріледі 

Еске сала кетейік, Қазақстанда КОВИД тәрізді пневмониямен ауырғандар статистикаға тек 2020 жылдың 1 тамызынан бастап енгізілді. Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәліметтерді қайта есептемейді.  

11 қыркүйекте алынған мәліметтер 

Қазақстанда 11 қыркүйекте 68 адам коронавирус жұқтырып, бес адам көз жұмғаны белгілі болды.  

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 4 550 адам, оның ішінде 32 бала коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

130 адамның жағдайы ауыр, 26-сы жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.