Махмұт Құлменов екі бауырының денсаулығына байланысты қазір жалғыз өзі жұмыс істеп жүр. Бүгінде ұстаханаға айналған үйді әкесі осыдан 43 жыл бұрын сатып әперген.
Sputnik Қазақстан тілшілері темір ұстасының жұмысымен танысып, қарудың қалай жасалатынын біліп қайтты.
Ұста Махмұт Құлменов ұста болуына батырлар жырын жатқа оқып өскені себеп болды деп санайды. Қару-жарақ, сауыт-сайман, тұрмыстық бұйымдар мен саз аспаптарын жасауды меңгеріп, "дархан ұста" атану үшін Құлменов бес мың кітап оқыған. Оның ішінде ғұн мен үйсіндердің тарихы, Түрік қағанаты жайлы деректер, Шыңғыс хан жайлы кітаптар бар. Бір кездері қазақ даласын аралай жүріп қазақ тарихын зерттеген тарихшылардың еңбегін де оқыған.
Толығырақ мына жерден оқи аласыз.