Қоғам

Қазақстандықтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт беріледі

Денсаулық сақтау министрлігі емхананы мейлінше үйге жақын жерден таңдауға кеңес берді. Тіркеу науқаны 15 қарашада аяқталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарға тіркеу науқаны басталады. Науқан екі айға созылады", - деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Ведомствоның ресми өкілі қазақстандықтарға емхананы өз үйіне жақын маңнан таңдауға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Күзде карантин тағы күшейтілуі мүмкін бе – министрлік жауабы 

"Емханалар денсаулық сақтау жүйесіне кірудің "алтын қақпасы" екенін білесіздер. Сондықтан алдағы екі айда азаматтарымыз тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше үйіңізге жақын жерден таңдауға кеңес береміз. Өйткені медицина қызметкерлеріне емханаға тіркелген науқастарды үнемі қадағалап, тіпті үйіне барып қызмет көрсетуге ыңғайлы болады. Бұл тәжірибе, әсіресе, пандемия жағдайында аса маңызды", - деді ол.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады.