НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Медиаменеджер, интернет-технолог және "Россия сегодня" медиа тобы мемлекеттік жобалар дирекциясы директорының орынбасары Ирина Кедровская SputnikPro вебинарында сәтті әлеуметтік жоба құрып, қалай аудитория жинауға болатынын айтты.
"Әлеуметтік журналистика проблема бар екенін жеткізеді, біз мәселені шешу үшін не істеу керек екенін баяндаймыз", - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, әлеуметтік журналистикада бірнеше тақырып бар: паллиативті көмек, қайырымдылық, ата-анасыз қалған балалар, қамқоршылық іс-шаралар, қарттар үйі, орфандық (сирек кездесетін) аурулар.
"Россия сегодня" ХАА-да бірнеше бағыт бар. Оған оффлайн акциялар да кіреді – қарттар үйіне сапарлау, қорларға қаражат жинау және онлайн жобалар, мысалы, "Әлеуметтік навигатор" – бұл тақырыптар, материалдар мен проблемалардың конгломераты", - деп атап өтті Ирина Кедровская.
"Әлеуметтік навигаторға" 250-ден астам бала өз отбасын тапқан "Найди меня, мама" жобасы кіреді.
"Біз ата-анасы болғанын қалайтын балаларды көрсетеміз. Мұндай балаларға видео анкеталар жасаймыз. Бір отбасынан жеті баланы бірден асырап алған жағдай да болды", - деп түсіндірді ол.
Журналистер "біреуге мәселені жеткізе алған кезде" әлеуметтік жобаның сәтті болғаны туралы айтуға болады.
Қайырымдылық жасаумен айналыса бастағандардың барлығы қателеседі. Жобаны іске қосқанда ұйымдастырушылар бұл туралы бірден барлығы біледі деп санайды. Оны қалай ілгерілету керектігін, әлем іске асырылған нәрселер туралы қалай білетінін түсіну керек.
"Біз үлкен агенттік ретінде не істедік? Бірден серіктестерге бардық. БМТРК мен Ресей денсаулық сақтау министрлігі серіктес ретінде әрекет етті. Телевизия неліктен маңызды? Біз экран арқылы жобаға әлеуетті қатысушылардың назарын аудардық. Медиа топтың бас директоры Дмитрий Киселёв өз бағдарламасында бұл акция туралы айтты. Біз осы "майдан қаһармандары" туралы көбірек адам білгенін қаладық", - дейді Ирина Кедровская.
Процесті қиындатпау маңызды сәттердің қатарында, сондықтан агенттік дәрігерлер мен еріктілер туралы оқиғаларды баяндаудың жылдам әрі қарапайым формасын жасады. Сондай-ақ жеке деректерді өңдеуге келісім алу қажет. Көптеген қайырымдылық ұйымдары бұл сәтті жіберіп алады.
"Бізге оқиғаларды жібереді. Бұл бастапқы сәт. Ал ол оқиғалар одан әрі алға жылжытылмаса, жойылады. Жылжыту өте маңызды", - деп атап өтті сарапшы.
Журналистердің алдында үлкен міндет тұр. Бір жағынан – асыра сілтемеу, ал екінші жағынан – проблемаға назар аудару. БАҚ ақпаратты бір жақты көрсетпеуі тиіс, салмақтылық керек. Ұйымдастырушылар жарқын оқиғалармен билік назарын аудара алады.
SputnikPro білім беру жобасының он тоғызыншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.
SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.