Саясат

Тоқаев Ресей елшісін қабылдады

Президент коронавирус індеті кезінде Ресей Федерациясының Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері қаралды.

Президент коронавирус індеті кезінде Ресей Федерациясының Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Тоқаев Ресей елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы елдер арасындағы екіжақты және медицина мен денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ұйымдар аясындағы бастамалар мен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастырудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ қызметімен байланысты мәселелер және жоғарғы деңгейдегі ЕАЭО кездесуіне, сонымен қатар, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының алдағы саммитіне дайындық барысы талқыланды.