Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы жеті адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус індетінен 1 634 адам, ал COVID-19 белгісі бар пневмониядан 315 адам қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Марқұмдардың алтауында COVID-19 індеті расталып, пневмониямен ауырып қайтыс болған бір адамда теріс нәтиже анықталды.

Жалпы, республика бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 73 жаңа жағдайы және коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы тіркелді.

Оқи отырыңыз: Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады

Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус індетінен 1 634 адам, ал COVID-19 белгісі бар пневмониядан 315 адам қайтыс болды.

Өткен апта ішінде елімізде коронавирус салдарынан 46 адам көз жұмды.