Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде коронавирустан 4 892 адам емделіп жатқанын мәлімдеді. Олардың арасында 32 бала бар
Sputnik

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан алты адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"Өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 239 адам жазылып шықты. Ал пневмония 16 адамнан анықталды, 217 адам жазылып шықты", – делінген хабарламада.

Жалпы, 13 наурыздан 8 қыркүйекке дейін 106 426 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде 99 893 адам сырқатынан айықса, 1 640 адам қайтыс болды.

Ал бірінші тамыздан бері 27 778 адам пневмонияға шалдығып, 6 176 пациент жазылып шыққан. 315 науқас көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус жұқтырудан қорғанудың жолын тапты 

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде коронавирустан 4 892 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатса, 2 212 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 142 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 16 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.