Әлем

Жұмыссыз қалған танымал актер электрші болғанын ашық айтты – видео

Оқырмандар актердің жұмыссыз отырмай, жаңа жағдайға бейімделіп жатқаны үшін қолдау көрсетті
Sputnik

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек - Sputnik. Ресейлік "Уральские пельмени" шоуының қатысушысы Андрей Рожков өзінің Instagram парақшасында қосымша жұмысқа орналасуға мәжбүр болғанын жазды.  Актер жарты жыл бойы жұмыссыз отырған.

Рожков электр бағанасындағы жұмысын видеоға түсірді.

"Актерлерде жарты жылдан бері жұмыс жоқ. Электрші болып нәпақа табуға мәжбүр болдым. Қорқынышты, бірақ не істей аламыз?", - деп жазды ол.

Актер оқу-өндірістік комбинатта оқыған кезін еске түсіріп жатқанын жеткізді. Ол электрмонтажердің үшінші разрядына ие екенін айтты.

Оқырмандар актердің жұмыссыз отырмай, жаңа жағдайға бейімделіп жатқаны үшін қолдау көрсетті.