АЛМАТЫ, 8 қыркүйек — Sputnik. Полицейлер MEGA Silk Way сауда-ойын сауық орталығында спорт тауарлары дүкенінен киім ұрлаған әйелді ұстады. Ол киімді киіп, ұрлап кеткен.
Астаналық полиция департаменті әйел жемпір, 3 шалбар, жейде мен аяқкиімді өлшеуге кеткенін айтты. Алайда бұдан соң киімдердің бәрін алып, дүкеннен шығып кетіп қалған.
"Киімдегі магниттері алдын алып тастап, киді. Өзінің аяқкиімін жаңа кроссовкиге ауыстырды", - деп хабарлайды полиция.
Тәртіп сақшылары әйелді ұстады. Ол киімдерді ұрлағанын мойындады.
Ол бұған дейін парфюмерлік дүкеннен 56 мың теңгенің әтірін қолды еткен.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.