АЛМАТЫ, 8 қыркүйек — Sputnik. Алматы орталығында болған жол апаты салдарынан бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға куәгерлері кінәлі жүргізуші мас болғанын айтып отыр.
Апат түскі екі шамасында Төле би және Әуезов көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлер Mercedes ML320 көлігі Төле би көшесімен батыс бағытқа қарай қозғалып бара жатқанын көрген. Жүргізуші Әуезов көшесімен қиылысты өтіп, белгісіз себеппен рөлге ие бола алмай қалды. Тұрақта тұрған Toyota Caldina және Kia Optima көліктерімен соқтығысты. Кейін олар инерция бойынша Toyota Aristo мен Toyota Camry-50 көліктерін зақымдады.
Апатқа кінәлі жүргізушінің көлігі аударылып, қырымен түсті. Оқиға куәгерлері оған көмекке келген. Машинаны дөңгелегіне тұрғызып, ішінен жүргізушіні алып шықты. Кейін жедел жәрдем ер адамды ауруханаға жеткізді.
Жүргізушіге көмектескендер ішімдік иісі сезілгенін айтып отыр. Алайда бұл медицинаның тексеруден өткен соң белгілі болады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.