Өңірлер

Қазақстанда күн жылынады – алдағы күндерге ауа райы болжамы шықты

Синоптиктердің болжамынша, республиканың орталығы мен шығысындағы аудандарда түнде және таңертең үсік жүреді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 8-10 қыркүйек күндеріндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды.

"Жерге жақын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, Қазақстанның орталығы мен шығысындағы жекелеген аудандарда түнде және таңертең үсік байқалады", - деп ескертті Қазгидромет.

Синоптиктердің айтуынша, қазақстандықтарды күздің салқын түндері мен жылы күндері күтіп тұр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан

  • 8 қыркүйекте күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +7°C, күндіз +12°C жылы.
  • 9 қыркүйекте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8°C, күндіз +14°C.
  • 10 қыркүйекте күн ашық. Түнде +6°C, күндіз +17°C.

Алматы

  • 8 қыркүйекте күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +14°C, күндіз +20°C.
  • 9 қыркүйекте де күн ашық. Түнде +16°C, күндіз 22°C жылы болады.
  • 10 қыркүйекте күн ала бұлтты. Түнде +17°C, күндіз 22°C.

Шымкент

  • 8 қыркүйекте күн ашық. Түнде +14°C, күндіз +27°C ыстық.
  • 9 қыркүйекте де ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде +15°C жылы, күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі.
  • 10 қыркүйекте де күн ашық. Сынап бағанасы түнде +19°C, ал күндіз +30°C көрсетеді.