Экономика

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады

Мамандардың болжамы бойынша, 2021 жылғы инфляция деңгейі 4-6% проценттік нысаналы дәліздің жоғары шегін көрсетеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлермені өзгертпеуге шешім қабылдады. Бірақ жылдық инфляция өзгереді деген болжам бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық банк базалық мөлшерлемедегі пайыздық дәлізді +/-1,5 проценттік көрсеткішті сақтай отырып, жылдық 9,00% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті беру жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,50% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 7,50% болады", – делінген ресми хабарламада.

Мамандар сөзіне қарағанда, базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі инфляциялық процестердің серпінін бақылауды сақтауға және жылдық инфляцияның орта мерзімді кезеңде бірқалыпты баяулауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ал жылдық инфляция болжамдарға сәйкес қалыптасады. 2020 жылғы тамызда оның көрсеткіші 7% болған.

"Жыл соңына дейін болжанған жылдық инфляцияның 8,0-8,5 проценттік болжамы төменгі шекке дейін үдейді деп жоспарланған. Инфляциялық процестер тамақ өнімдері бағасының жоғары өсуінің сақталуымен және ақылы қызметтер инфляциясының үдеуі себебінен жеделдейді. Сонымен бірге халықтың нақты ақшалай кірістерінің әлсіз серпіні мен әлемдік азық-түлік тауарлары бағасының күтілетін төмендеуі 2020 жылы инфляцияның өсуін шектейтін болады", – дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Батыр ананың перзенттері 500 отбасының үйіне азық-түлік жеткізіп берді

Болжам бойынша, 2021 жылғы инфляция деңгейі 4-6% проценттік нысаналы дәліздің жоғары шегін көрсетеді.