Әлем

Қызғылт көл үстіндегі пойыз: Ресей мен Қазақстан шекарасындағы таңғажайып көріністер

Алтай өлкесіндегі Бурлинское көлі 19 ғасырдан бастап тұз кені ретінде белгілі. Бір қызығы көл табанынан қазылған тұз суға салынған рельстер арқылы пойызбен шығарылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желілерде қызғылт көлдің айдынында пойыз жүріп бара жатқан видео мен суреттер кең таралуда. Түсірілімдер ертегідегі мультфильмдерге ұқсағанымен, ол ешқандай фотошоп емес. Бұл Ресейдің Қазақстанмен шекарасына жақын маңда орналасқан су қоймасының осы күнгі шынайы келбеті. 

Бурлинское тұзды көлі – Алтай аймағының көрнекті орны. Бурсол ауылының іргесінде орналасқан. Жазда көл суы қою қызыл түске. Ал тамыз айында шаян артемиясы мен дәрнәсілінің әсерімен көл күрең-барқыт түске айналады.

Көлдің ауданы 32 шаршы шақырымды қамтыса, орташа тереңдігі бір метрге жуықтайды. Тұнбалы су астында Глаубер тұзының қабаты болғандықтан, оны сол жерде қазып алады. Ал комбайндар тұзды сол жерден жинап, суға салынған рельстермен тасымалдайды.

Желіде таңғажайып түсірілімдерімен бөліскен Новосібір фотографы Вадим Махоровтың айтуынша, Қазақстанмен шекаралас маңда бірнеше ұқсас қызғылт көлдер бар. Соның қатарында, карантин кезінде танымалдығы артып, туристердің күрт көбеюінен зардап шеккен Көбейтұз көлі де ерекше.

"Қызғылт көлдерді көргенсіз бе? Мен Қазақстанмен шекаралас маңда алтауын көрген шығармын. Соның ішіндегі ең әсерлісі – Бурлинское көлі дер едім. Бірнеше жылдан бері осы көлге келудің сәті енді түсті", – деді Махоров.

Оқи отырыңыз: Президентті алаңдатқан Көбейтұз көлінде не болып жатыр – видео

Айта кетейік, бұл көлден ас тұзы 1768 жылдан бері өндіріліп келеді, қазіргі өндіріс көлемі жылына 65 000 тоннаны құрайды.

"Мұны қалай жасайтынын қараңдар: олар көлдің табанын тырнап, тұз бен балшықты рельс бойында шайғанда, аппақ тұз тез жинала қалады", – дейді фотограф. 

Автордың пікірінше, сурет өте әсерлі.

"Көлдің қызғылт сумен астасқан көкжиегін пойыз қақ жарып келе жатқанда оның шойын доңғалақтары тұзға малынады. Мұндай көріністі суреттеп жеткізу мүмкін емес. Ең дұрысы бұл жерге барған жөн", – деп жазады ол.

Көлдің қызғылт түсі күн қызған шақта құс ұшар биіктіктен өте анық көрінеді.