Әлем

Ғалымдар коронавирус жұқтырудан қорғанудың жолын тапты

Ғалымдар наноденені шығару жолын қарапайым деп түсіндіріп, оны адамдарға бейімдеу мүмкіндігін жоққа шығармайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Ғалымдар коронавирус инфекциясының жасушаға енуіне тосқауыл қоя алатын наноденелер ойлап тапты. Зерттеу нәтижелері Nature Communications журналында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Швециядағы Каролинск университетінің мамандары альпака жануарына тікенді ақуыз салған, оның көмегімен коронавирус ағзаның жасушаларына енеді. Ал 60 күннен кейін жануардың қан үлгісін зерттеу нәтижесі күшті иммундық жүйе қалыптасқанын көрсеткен. Содан соң ғалымдар жануардың В-лимфоциттерінен тұратын наноденелердің тізбегін клондап, зерттейді.

Нәтижесінде, ғалымдар ACE2 рецепторымен байланысқанда оның тікенді ақуыз бөліктеріне жабысатын және вирустың ағза жасушаларына енуіне жол бермейтін Ty1 наноденелерін анықтады.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулер тізіміне қосты

Айта кетейік, жаңа табылған наноденелер әдеттегі антиденелерге қарағанда көлемі жағынан әлдеқайда кіші. Солай десек те, ғалымдар оның шығару жолын қарапайым деп түсіндіріп, адамдарға бейімдеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.