Әлем

Ғалымдар адамның қай жаста өзін мейлінше бақытсыз сезінетінін анықтады

Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдай сыртқы факторларға емес, адам ағзасындағы биохимиялық процестер мен гормондар деңгейінің өзгеруіне байланысты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Америкалық ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, адам өміріндегі ең бақытсыз жасты анықтады.

Дартмутск колледжі мен экономикалық зерттеулер жөніндегі ұлттық бюро мамандары 132 елден алған мәліметтерді зерделеген. Олар әртүрлі жастағы адамдардан өз өміріне қанағаттану деңгейін бағалауды сұраған, деп жазады "Известия" басылымы.

Осылайша, адам өміріндегі ең бақытты кезең 18–20 жас болып шықты, әрі қарай жағдай нашарлай береді де, 47–48 жаста шарықтау шегіне жетеді.

Бұл жағдай 60 жасқа дейін жалғасады, одан кейін қайтадан көтеріле бастайды да, 70 жаста адамдар өзін қайтадан бақытты сезіне бастайды.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдай сыртқы факторларға байланысты емес, адам ағзасындағы биохимиялық процестер мен гормондар деңгейінің өзгеруінен болады.