Қоғам

Денсаулық министрлігі бір тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

Өткен тәулікте республика бойынша 76 адамнан коронавирустық инфекция табылды, ал 423 адам пневмонияға шалдыққан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ресми мәліметке сәйкес, бір тәулікте 9 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмды.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 147  адамның хәлі нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 24 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.    

Қазақстанда өткен тәулікте 505 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.

Жалпы, наурыздан бері 106 301 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 627 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 27 623 адам шалдығып, 313 науқас көз жұмды.