НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 100-ден астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 104 жағдай тіркелді. Оның ішінде:
- ауру белгілерімен -57,
- ауру белгілері жоқ – 47.
Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 225 жетті:
- Алматы қаласында - 14262(+14),
- Нұр-Сұлтан қаласында -13879(+15),
- Атырау облысында - 10947(+7),
- Қарағанды облысында - 10134(+8),
- Шығыс Қазақстан облысында - 8262(+19),
- Батыс Қазақстан облысында - 6771(+4),
- Шымкент қаласында -5180(+5),
- Алматы облысында - 4903(+3),
- Жамбыл облысында - 4096(+3),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 3976(+5),
- Павлодар облысында - 3849(+4),
- Қостанай облысында - 3428(+3),
- Ақмола облысында - 3415(+5),
- Түркістан облысында - 3335(+7),
- Маңғыстау облысында - 3334(+0),
- Қызылорда облысында -3231(+0),
- Ақтөбе облысында -3223(+2).
Республика бойынша өткен тәулікте 433 науқас коронавирус індетінен емделіп шыққан. Жалпы жазылғандар саны 99 018 адамға жетті.