НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. YouTube-блогер Кристен Хэнби ваннаға көпіршікті матаға арналған бояумен бірге құйып, өзінің сүйіктісі Джесминді мазақ етті. Алайда оның бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлады РИА Новости.
Ол видеоны Instagram-да жариялады.
Хэнби оны "әлемдегі ең зұлым смурф" деп атап, ішек-сілесі қатып күлген.
Оқи отырыңыз: Алматы метросында жөтеліп, жолаушылардың зәресін ұшырған жігіт қамауға алынды - видео
Twitter қолданушыларының бірі видеоны өзінің парақшасында бөлісіп, пранкердің әрекетін күлкілі деп санамайтынын атап өтті, бұл пікірді қолдаушылар көп болды.
"Бұл оны өлтіріп қоюы мүмкін еді. Мата бояуын жыныс мүшелеріне, көзге немесе ауызға тигізуге болмайды. Бұл өте қауіпті. Ол дәрігерге қаралуы керек, өйткені бұл оның денсаулығына ауыр зиян келтіруі мүмкін", - деп атап өтті пайдаланушылардың бірі.
Кейбір қолданушылар Хербидің бойында қызға деген қарапайым құрметтің болмауын айыптады.
"Қыз оған не істеген? Мұндай нәрселер әдетте кек алу үшін жасалады, мұндай әзілді ешкім жайдан-жай ұйымдастырмайды", - деп толықтырды.
Бірақ пранкерге араша түскендер де болды.
"Меніңше, бұл видеоны айыптап жатқан қыздар осы жағдай жігіттің басында болса, күлер еді", - дейді пікір білдірушілердің бірі.