Қоғам

Өткен тәулікте үш өңірде бірде-бір адам коронавирус жұқтырмады

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 032 адамға жетті. Жаңа жағдайлар Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстанда көп тіркеліп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 88 адамда коронавирус расталды. Оның ішінде 33 адамда клиникалық белгілері жоқ, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Жаңа жағдайлар Нұр-Сұлтан қаласы (18) мен Шығыс Қазақстан облысында (14) көп тіркелді. Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ.

Індетке шалдыққандар жалпы саны бойынша Алматы (14 238), Нұр-Сұлтан (13 851) қалалары мен  Атырау облысы (10 931) алда тұр.

Елде ауырғандардың жалпы саны 106 032 адамға жетті. 97 967 науқас жазылып, 1 588 адам қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады