Экономика

Министрліктерде істейтін жауапты хатшылардың жалақысы қанша

Президент өз жолдауында министрліктерде жауапты хатшы қызметін қысқартуды тапсырған еді. Олардың міндеттері министрліктердегі аппарат жетекшілеріне ауыстырылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда министрліктің жауапты хатшысының жалақысы 830 мың теңгеге дейін барады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Министрліктегі жауапты хатшының жалақысы бүгінде орташа есеппен 685 мың теңгені құрайды. Жалпы, еңбекақы әркімде әртүрлі, еңбек өтіліне байланысты, 815-830 мың теңгеге дейін барады", - деді Тоғжанов.

Ол жұмыстан босатылған жауапты хатшы қайда баратынын министрліктің бірінші басшысы шешетінін атап өтті. 

Президент өз жолдауында министрліктерде жауапты хатшы қызметін қысқартуды тапсырған еді. 
Олардың міндеттері министрліктердегі аппарат жетекшілеріне ауыстырылады. Тоқаевтың айтуынша, министрліктің жұмысына тікелей министр жауап беруі керек.

Тағы оқыңыз: Министрліктерде жауапты хатшылар болмайды – Тоқаев тапсырма берді