Фото

Қордай ауылдары қалай қалпына келтірілуде – фото

Sputnik

Жамбыл облысының ауылдық округтеріндегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін алты айдан астам уақыт өтсе де, кейбір ғимараттар әлі де қирап жатыр.

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер 7 ақпанға қараған түні болды. Қайғылы оқиғалардың салдарынан он адам көз жұмды. Тағы бір марқұмның денесі кейінірек өртенген ғимарат үйінділерінің арасынан табылды.

Тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттар, сондай-ақ автокөліктер отқа оранды. Жаппай тәртіпсіздікке мыңнан астам адам қатысып, 780 отбасы зардап шекті.

Осы оқиғаға байланысты 120-дан астам қылмыстық іс ашылғаны белгілі болды. Оқиға қатысқан 50-ге жуық адам ұсталды.

Оқи отырыңыз: Әкімдік Қордайда 11 нысан неге қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді

1 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай өңіріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ол толқудың басты себебі, қылмыстық топтар арасындағы қақтығысқа әкеп соққан заңсыз табыс көздерін бақылау үшін күрес болғандығын атап өтті.

Ауылдағы қалыпты өмірді қалпына келтіруге жан-жақтан көмек көрсетілді: залал-зардапты жоюға түрлі ұйымдар қатысты. Облыстық қор қаражатынан басқа, жергілікті "Нұр-Ниет" пен "Әулие-ата-демеу" қоры, "Бәйтерек" қоры мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры зардап шеккендерді қолдауға қаржы бөлді.

1 / 10
Жамбыл облысында 2020 жылы 7 ақпанда Қордай ауданының Сортөбе, Ауқатты, Қаракемер, Масаншы, Қарасу және Қарасай ауылдық округтерінің аумақтарын қамтыған қақтығыс болды. Оған қатысушылар үйлер мен дүкендерді, кеңсе ғимараттарын, көліктерді өртеді.
2 / 10
Аудан тұрғындары, әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар аман қалу үшін өз үйлерінен қашуына тура келді. БАҚ-тың хабарлауынша, тәртіпсіздіктер кезінде шекарадағы өткізу бекеттері арқылы елден 24 мыңға жуық адам кеткен. Келесі күні таңертең-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай өңіріндегі зардаптарды жою үшін үкіметтік комиссия құруды тапсырды.
3 / 10
Тәртіпсіздіктерге ұласқан қақтығыс нәтижесінде 103 мүлікке әр түрлі деңгейде зиян келтірілді.
4 / 10
Ақпан оқиғасынан зардап шеккен тоғыз отбасыға жалпы сомасы 2,2 миллион теңге шамасында қаржылай көмек көрсетілді. Қоғамдық қорлардан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына 4,7 миллион теңге көлемінде дүнген этномәдени бірлестігі мен Қордай ауданының кәсіпкерлері және Сортөбе, Қаракемер ауылының тұрғындары қол ұшын созды.
5 / 10
"Қазіргі кезде мемлекеттік және демеушілік қолдау есебінен ауылдарда 103 нысан қалпына келтірілуде. Оның 71-і – демеушілер есебінен, ал 32 нысан –меншік иелері есебінен жүргізілуде", – деді Қордай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаев.
6 / 10
Ақпан айында жаппай тәртіпсіздіктен қорқып қалған өңірдегі қазақстандықтар елден кетіп бара жатқанда, жергілікті билік олардың қалыпты өмірге оралуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қайғылы оқиғадан бір апта өткен соң, олар өз үйлеріне қайтып келді. Алайда, бүлік кезінде қираған тұрғын үйлерді түгел қалпына келтіру бірден мүмкін болмады.
7 / 10
Соған қарамастан, ауылдағы қираған үйлер мен дүкендер және әкімшілік ғимараттар біртіндеп қалпына келтірілуде.
8 / 10
Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Қордай өңірінің тұрғындарымен, оның ішінде тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандардың туыстарымен үнемі кездесіп тұрады.
9 / 10
Сондай кездесулердің бірінде ол аймақта заң "қатаң сақталатынын" баса айтты. Бердібек Сапарбаев тамыз айының басында ұсталғандардың туыстарымен болған әңгімеде заңды бұзған және кінәсі дәлелденгендердің бәрі жазалануы керек деп атап өтті. "Барлығы заңға сәйкес болуы керек. Бұл мәселе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында", – деді аймақ басшысы.
10 / 10
Іс бойынша 400-ден астам түрлі сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 342 адам жаппай тәртіпсіздіктің құрбаны деп танылды. 1,5 мыңнан астам адамнан жауап алынды. Тәртіпсіздікті бастаушылар мен белсенді қатысушылар екі жақтан да болған. Қазіргі кезде 59 ұлт өкілі, оның ішінде қазақтар мен дүнгендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.