Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
4 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
09.30 – "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды алдын алудың тиімді шаралары" жобасы бойынша қорытынды дөңгелек үстел. Нидерланды Корольдігі елшілігінің қаржылық қолдауымен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдарды әзірленді. Спикерлер тізіміне: Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Андре Карстенс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық арнайы мониторингтік тобының төрағасы Айгүл Соловьева, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова және басқалар кіреді.
10.00 – Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг. Спикерлер: премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова. Брифинг онлайн режимде PrimeMinister.kz сайтында, Mail.KZ пен Aitube.kz порталында, үкіметтің YouTube ресми каналы мен Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Хабар 24 телеарнасында көрсетіледі.
10.00 – "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасын zoom-конференция ашық форматында таныстыру. Іс-шараға экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, мәдениет және спорт вице-министрі Үркен Бисақаев, туристік қауымдастықтар мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері қатысады. Zoom-конференцияға қатысу үшін samal.ibrayeva2090@gmail.com электрондық пошта арқылы тіркелу қажет.
15.00 – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің отырысы (онлайн-трансляция). Жиында Қазақстан президенті жолдауының ережелері, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері (тіркелу үшін +7 707 283 12 41) талқыланады.
15.20 – Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде "Денсаулық сақтау министрлігінің өзекті мәселелері: мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру" тақырыбында баспасөз мәслихаты. Спикерлер: денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков пен денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
16.00 – SputnikPro білім беру жобасының "Дәстүрлі БАҚ Беларуссиядағы Telegram оқиғаларынан қалай ұтылды" тақырыбында онлайн сессиясы. Мастер-класста ХХ ғасырдағы Ресей тарихы бойынша жиырмадан астам кітаптың авторы және Sputnik таяу шет елдер мен Балтық жағалауы елдеріндегі мультимедиялық орталықтар дирекциясының радиоконтент өндірісі бөлімінің басшысы Армен Гаспарян дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары Беларуссиядағы оқиғаларға неге дайын болмағаны және осыдан нені түсіну керек екендігі туралы әңгімелейді. Telegram-төңкеріс. Модульге қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.
7 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
14.30 – ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесі барлық мүдделі тараптар үшін "Журналистиканың қақтығыстарға сезімтал тақырыптарды қамту принциптері" вебинарын өткізеді. Вебинардың спикері журналист, медиа-тренер Айнур Коскина.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.