ЕАДБ қоры коронавируспен күрес жобаларын қаржыландырады – видеокөпір

Еуразия даму банкінің цифрлық бастамалар қоры COVID-19 індетімен күрес жөніндегі үздік цифрлық интеграциялық шешімдерге конкурс жариялады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Sputnik ақпарат агенттігі 4 қыркүйек күні сағат 14:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) COVID-19 індетімен күрес жөніндегі үздік интеграциялық цифрлық шешімдер байқауына арналған Мәскеу - Бішкек - ​​Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан видеокөпірін өткізеді.  

2020 жылдың 30 маусымында Еуразия даму банкі (ЕАДБ) цифрлық бастамалар қорын құрды, оның басты міндеті – ЕАДБ-ға мүше мемлекеттерге цифрлық трансформация құралдары мен тәжірибелерін қалыптастыруға көмек көрсету.

Қордың алғашқы бастамасы 2 қыркүйекте жарияланған COVID-19 індетімен күрес жөніндегі үздік интеграциялық цифрлық шешімдерге арналған конкурс болды.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулер тізіміне қосты 

Цифрлық бастамалар қоры не үшін құрылды және оның жұмысының негізгі бағыттары қандай? Қор жариялаған конкурсқа кім қатыса алады және қаржыландыруды қалай алуға болады? Қордың жарғылық капиталы қалай және ол ненің есебінен қалыптасады?

Осы және басқа сұрақтарға ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисян Sputnik ақпарат агенттігінің Мәскеу-Бішкек-Ереван-Минск-Нұр-Сұлтан видеокөпірі кезінде жауап береді.

Бұқаралық ақпарат құралдарын Sputnik Қазақстан сайтында және агенттіктің Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін видеокөпірді көруге шақырамыз.