Өңірлер

"Қауіпті ресейлік маньяк Қазақстанда жасырынуы мүмкін": полиция түсініктемесі

Мұндай ақпарат республикалық БАҚ-тың бірінде "Ресейдің ең қауіпті маньяктарының бірі Қазақстанда жасырынуы мүмкін" деген тақырыппен жарияланған
Sputnik

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының полициясы Ресейдің ең қауіпті қылмыскерінің бірі – "Орск маньягінің" Қазақстанда жасырынуы жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Полицияның хабарлауынша, мұндай ақпарат республикалық БАҚ-тың бірінде "Ресейдің ең қауіпті маньяктарының бірі Қазақстанда жасырынуы мүмкін" деген тақырыппен жарияланған. Мақала 2 қыркүйекте әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде анықтады.

Маңғыстау облысының полиция департаменті барлық мекеменің тексерілгенін және бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Департамент басшылығы бұл ақпаратты бақылауға алды. 

Сонымен қатар облыс тұрғындары мен қонақтарынан үрейге бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.

"Орск маньягі" туралы не белгілі

Валерий Андреев Ресейде іздеуде жүрген ең қауіпті қылмыскерлердің ондығына кіреді, деп хабарлайды РИА Новости. 2019 соңында ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Интерполдың тізімінде ресейлік азамат зорлау мен кісі өлтіру бойынша айыпталғандардың ішінде бірінші қатарда тұр. Ол туралы ақпарат берген адамаға Орынбор облысының губернаторы 500 мың рубль, Ресейдің ішкі істер министрлігі миллион рубль беретінін айтты.

2009-2011 жылдар аралығында Орынбор маңында бір-біріне ұқсайтын 30-ға жуық қыз жоғалып кеткен.

Тағы оқыңыз: "Кешкісін құрбандарын іздейді": Мамлютте маньяк пайда болғаны жайлы ақпарат тарады

Жедел уәкілдер 1957 жылы туған жүк көлігінің жүргізушісі Валерий Андреевтің ізіне түсіп, көлігін тексерді, ішінен қан іздерін тапты. Алайда маньяктың өзін ұстай алмады.

Ресейдің ішкі істер министрлігі Андреевтің жоғалып кеткен сегіз әйелге қатысы бар екенін анықтады. Олардың айтуынша, ер адам 2006 жылдан 2013 жылға дейін қылмыс жасаған.

Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Андреев Орск қаласында отбасымен бірге тұрған. Күдіктінің әйелі және екі ұлы бар.