НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Қарақат пен Қыдырәлі сәбилі болды. Қыдырәлі Болманов өзінің Instagram парақшасында халықтан сүйінші сұрады.
"Сүйінші, Қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті қыз берді. Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпені өмірге әкелді", - деп жазды ол.
Жұлдызды жұпты әріптестері де құттықтап жатыр.
"Қарақат құрбымыз аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, қыз босанды. Қыдырәлі мен Қарақат 4 ұл мен 2 қыздың ата-анасы", - деп жазды Алтынай Жорабаева.