Қоғам

Мамандандырылған ХҚКО жұмысы неге уақытша тоқтап қалғаны хабарланды

Әкімшілік полиция және "Ұлттық ақпарат технологиялар" компаниясы жүйелерінің арасында іркіліс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары неге уақытша жұмыс істемей қалғанын түсіндірді.

"Әкімшілік полиция және "Ұлттық ақпарат технологиялар" компаниясы жүйелерінің арасында іркіліс болды. Салдарынан республика бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтап қалды", - деп жазылған мемлекеттік корпорация сейсенбі кешке жариялаған ақпаратта.

Кейін "Азаматтарға арналған үкімет" екі ведомствоның жүйесінде туындаған мәселе шешіліп, 1 қыркүйек күні кешке жұмыс қалпына келтірілгенін хабарлады.