Экономика

Қазақстанда салықтардың саны қысқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында салықтар санын қысқартуды тапсырған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда салықтар мен төлемдердің санын қысқартылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрлері, 10 төлемақы және 6 алым көзделген.

"Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Экономиканың қатты зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, салық мөлшерлемелерін саралау мүмкіндіктері зерделенеді. Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленеді.

"Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. "Кеңейтілген бюджетті" енгізу аясында шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорларды қосу арқылы мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Салық бойынша миллиондаған қарызы бар қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауында салықтар санын қысқартуды тапсырған еді.