НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Ресейге қатысты Батыс санкцияларына Черногорияның қолдау блдіруі қателік болды. "Черногория болашағы үшін" оппозициялық коалициясының көшбасшысы Здравко Кривокапич осындай мәлімдеме жасады, деп жазады РИА Новости.
"Біз шағын мемлекетпіз. Сондықтан, қанша қаласа да, біз жаһандық деңгейде ешқандай ықпал ете алмаймыз. Істің басында кім тұрғаны белгілі. Сол себепті, осындай шағын мемлекет Ресей Федерациясына қатысты санкциялар енгізіп жатқан бірінші ел болуы дұрыс болмады", - деді оппозициялық көшбасшы.
Оның айтуынша, санкциялар экономикалық шығындарға алып келді.
"Біз Plantaze шарабын экспорттағанымызды, Сербия, Босния және Герцеговина, Ресейден туристер ретінде қонақтар көп келетінін ғана еске салғым келеді", - деді Кривокапич.
Ірі оппозициялық коалиция көшбасшысы, сондай-ақ, "тарихи байланысы мен ел экономикасына қосқан үлесін үшін Ресей Черногориямен жақсы қарым-қатынасқа лайық" екенін атап өтті.
Черногорияда сайлау 30 тамызда өтті. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 30 жылдан астам уақыттан бері алғаш рет оппозиция үшін дауыс бергендер саны президент Мило Джукановичтің демократиялық социалистер партиясын жақтаушылардан басым түсті.
Дүйсенбі күні сайлауға бақылау жасаған үкіметтік емес ұйымдар, ОБСЕ миссиясы, АҚШ пен Ұлябритания елшілігі сайлаудың заңдылығы мен оның қорытындысын мойындады. Күндіз "Черногория болашағы үшін" ірі оппозициялық коалициясының көшбасшысы Здравко Кривокапич, URA оппозициялық қозғалысының көшбасшысы Дритан Абазович пен "Демократтар" көшбасшысы Алекс Бечич кездесу өткізіп, алдағы ынтымақтастық қағидалары мен "Черногорияның келешек үкіметін құру мен азаматтардың қалауын жүзеге асыру" жайын талқылады.