НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік кодексін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы бізге әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы қажет. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы 17 заң және ондаған заңнамалық актімен реттеледі. Бұл саланы реттеуді қиындатып, күрделендіріп жіберді. Салдарынан мемлекеттің жауапкершілігі айқын емес, ал азаматтар өз құқығын түсінбей жүр. Осыған байланысты үкіметке елдің әлеуметтік кодексін әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауын жария етіп.
Оқи отырыңыз: 2023 жылға дейін дәрігерлер еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе артық болады
Президент әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдау қажет деп санайды.
Бұл үшін азаматтың цифрлық әлеуметтік әмиянын енгізіп, тиісті тауар өткізу жүйесін құру қажет.
Мемлекет басшысы қазақстандық қоғам еңбек құндылықтарына қатысты көзқарасын да өзгертуі тиіс деген пікірде.
Айтуынша, жас буын еңбекті бағалауды ұмытып, оңай жолмен пайдаға кенелуді ойлайды.