НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. SputnikPro жобасының "Беларусь еліндегі жағдай кезінде дәстүрлі медиа Telegram-нан қалай ұтылды" деген онлайн-сессиясы жұма, 4 қыркүйек сағат 16.00-де өтеді (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Шеберлік сағатын Sputnik мультимедиалық орталықтары бөлімінің басшысы Армен Гаспарян өткізеді. Ол дәстүрлі БАҚ Беларусьтегі жағдайға неге дайын болмағанын айтып береді.
Вебинарға мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.
SputnikPro "онлайн-маусымды" наурыз айының ортасында ашты.
SputnikPro ағарту жобасы туралы
SputnikPro – бұл Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналистеріне, кәсіби жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметінің қызметкерлері мен медиа менеджерлерге арналған, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған жоба. Жоба модулінің менеджерлері Sputnik бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ басқа да ресейлік танымал журналистер мен сарапшылар болады. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін бірнеше елде шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізді.