НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда полиция қызметкерлері қарулы шабуылға күдікті адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Бабушкина көшесіндегі үйдің ауласында 31 тамыз күні болды. Сағат 13.00 шамасында оқ жарақатымен қаланың үш тұрғыны қалалық ауруханаға жеткізілді.
"Жарақат алған зардап шегушілердің бірі қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 31 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.
Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заңда мұндай қылмыс үшін кінәліні сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Оқи отырыңыз: Жұрттың көзінше атып тастады: желіде Мойынқұмда түсірілген видео талқыланып жатыр
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.